ЖББ Шахта мектебі
Көңілді қоңырау 15 минут жобасы аясында 10 «Ә» сынып оқушыларымен «Асық ату» тақырыбында өтті.
Мақсаты: оқушыларға асық ойынының шығу тарихы, оның қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі орны мен маңызын түсіндіру.
Сонымен қатар, асық атудың ережелері таныстырылып, түрлі тәсілдері көрсетілді.
Оқушылар белсенді қатысып, өзара сайыс ұйымдастырылып, мергендіктерін сынады. Бұл ойын олардың ептілік, дәлдік, шапшаңдық сияқты қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Сонымен қатар, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттырып, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиеледі.

KZ
