Skip to content

ЖББ Шахта мектебі кітапханашыларының ұйымдастыруымен “Балалар кітапханасы” жобасы аясында 4…

ЖББ Шахта мектебі кітапханашыларының ұйымдастыруымен “Балалар кітапханасы” жобасы аясында 4 “ә” сынып оқушыларының қатысуымен “ Кім тапқыр” сайысы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың ой – өрісін дамыту,тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ұлттық құндылықтарды білуге баулу. Оқушылар “Тапқырлар” “Алғырлар” болып екі топқа бөлінді. Жұмбақ шешті,мақалдың жалғасын тапты. Қосымша сұрақтарға жауап берді. Жақсы қатысқан “Тапқырлар “ тобы 1 орын “Алғырлар” тобы 2 орынмен марапатталды.