Жалпы білім беретін Шахта мектебінде Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.
Мерекелік шара барысында оқушылар ұлттық киім киіп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. Сонымен қатар, ән айтылып, би биленіп, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Қонақтарға Наурыз көже ұсынылды.
Бұл мерекенің басты мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдени мұраны насихаттау және бірлік пен татулықты нығайту болды.
Наурыз тойы жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.
KZ




