“Жалпы білім беретін Шахта мектебі” КММ
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы тапсырмасы негізінде оқушыларға тағам өнімдерінің құрамы туралы ақпараттық видео-ролик көрсетілді.
Бейнеролик барысында тағам құрамындағы қант, тұз, май мөлшері, тағамдық қоспалар мен олардың адам ағзасына әсері түсіндірілді. Сондай-ақ пайдалы және зиянды өнімдерді ажырату жолдары, дұрыс тамақтану ережелері туралы мәлімет берілді.
Шараның мақсаты – оқушылардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
KZ

