Skip to content

“Жалпы білім беретін Шахта мектебі” КММ 9 «Ә» сынып оқушылары…

“Жалпы білім беретін Шахта мектебі” КММ

9 «Ә» сынып оқушылары «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханасына барып, танымдық іс-шараға қатысты.

Шара барысында оқушылар түрлі қызықты әрі зияткерлік ойындар ойнап, кітап әлеміне саяхат жасады. Әдеби викториналар, логикалық тапсырмалар және кітап мазмұны бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.

Іс-шараның мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Кітапханаға саяхат оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, білімге деген ынталарын арттырды.