Skip to content

“Үнемді тұтыну” тақырыбында өткен көңілді қоңырау 5 в сыныбына “Үнемді…

“Үнемді тұтыну” тақырыбында өткен көңілді қоңырау

5 в сыныбына “Үнемді тұтыну” тақырыбында ақпараттық-танымдық шара өткізілді.Мақсаты – оқушыларға табиғи ресурстарды үнемді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.

Оқушылар үнемді тұтынудың маңызы туралы мәліметтер алды. Олар суды, электр энергиясын, азық-түлікті үнемдеу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, артық шығынның алдын алу және күнделікті өмірде үнемді болу туралы өз ойларын ортаға салды.

Оқушылар постер дайындап, оны қорғады. Әр топ өз жұмыстарында үнемдеудің түрлі тәсілдерін көрсетіп, мысалдар келтірді. Постер қорғау барысында оқушылар белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Көңілді қоңырау өте қызықты әрі пайдалы өтті. Оқушылар үнемді тұтынудың маңызын түсініп, оны күнделікті өмірде қолдану керектігін білді.