Skip to content

ҰБТ-да үлкен өзгеріс: енді бір рет қана тапсырасыз Педагог болу…

ҰБТ-да үлкен өзгеріс: енді бір рет қана тапсырасыз
Педагог болу қиындай ма? Жаңа талаптар қандай
Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді
Аида Балаева: ҰБТ жүйесін жаңғырту – білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам
Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматына бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, адами капиталға инвестиция жасау – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Бұл бағыт Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған реформалардың негізін құрайды. Бүгінде әлем елдері білім беру жүйесін жаңғыртып, жаңа модельдер мен цифрлық шешімдерді енгізуде.