Тәрбиедегі батыл шешімдер алаңы
Түпқараған аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес ЖББ Шахта мектебінде 26 ақпан күні “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбие орынбасарлары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Creative Camp: Тәрбиедегі батыл шешімдер» тақырыбында аудандық хакатон өтті.
Аталған шараға мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қосымша білім беру педагогтары және мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері қатысты. Хакатон модераторы, қауымдастық жетекшісі Тулепова Аманкул Рахатовна шараны жоғары деңгейде жүргізді.
Хакатонның негізгі мақсаты – “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асырудағы тиімді тәжірибелермен бөлісу, тәрбие орынбасарлары, қосымша білім беру мамандары мен балабақша әдіскерлерінің бірлескен креативті ойлау алаңын қалыптастырып, стандарттан тыс, заманауи тәрбие жобаларын әзірлеу болды.
Қатысушыларды Жбб Шахта мектебінің ұйымдастырушылары ерекше креативті форматта, ұлттық нақыштағы ойынмен және домбырашылар ансамблінің күмбірлеген күйімен қарсы алды. Шараның ашылу салтанаты Шахта мектебінің өнерпаздарының әсерлі өнер көрсетулерімен басталды.
Хакатонның І бөлімінде спикерлер “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарымен бөлісті.
Ыбраева Бибігүл Кеңесқызы «Адалдықтан басталатын азаматтық – біртұтас тәрбие бағдарламасы тәжірибесі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Сауытбаева Айдана Мұратбекқызы «Адал ұрпақ – әділетті қоғам: қосымша білім беру мүмкіндіктері» тақырыбын ашып көрсетті.
Кулшикова Жанна Игиликовна «Адал азамат – балабақшадан басталатын өмірлік құндылық» тақырыбында шеберлік сағатын өткізсе,
Утегалиева Мира «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының ерекшеліктері туралы ой толғады.
ІІ бөлімде «Creative Camp: Тәрбиедегі батыл шешімдер» атты 3 кезеңнен тұратын хакатон ұйымдастырылды.
Шара соңында белсенділік танытып, іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге сертификаттар табысталды. Аудандық хакатон тәрбие саласындағы жаңашыл идеялар мен шығармашылық шешімдердің тиімді алаңына айналып, қатысушыларға тың серпін берді.
KZ



