Тамақтану және өмір салты – адамның денсаулығын сақтаудың негізгі жолдарының бірі. Дұрыс тамақтану ағзаны қажетті дәрумендермен, минералдармен және қуатпен қамтамасыз етеді. Ал дұрыс емес тамақтану түрлі ауруларға әкелуі мүмкін.
Адам күнделікті рационында көкөністерді, жемістерді, сүт өнімдерін ет пен балықты тең мөлшерде қолдануы керек. Майлы қуырылған және тәтті тағамдарды көп тұтыну денсаулыққа зиян. Сонымен қатар таза суды жеткілікті мөлшерде ішу өте маңызды.
Салауатты өмір салты тек дұрыс тамақтанумен шектелмейді. Ол – белсенді қозғалыс, жеткілікті ұйқы және зиянды әдеттерден бас тарту. Күн сайын спортпен айналысу немесе таза ауада серуендеу адамның денесін шынықтырады және иммунитетін күшейтеді.
Қорытындылай келе, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салты – ұзақ әрі сапалы өмір сүрудің кепілі. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек.
KZ







