Өнегелі 15минут аясында 4 “Б” сынып оқушыларына Абылқызы Жәудірдің анасы Медиманова Айгүл “Жіптен өрнекті бау тоқу” үлгісін көрсетті. Балаларға өте қызықты болды. Шеберді мұқият тыңдап, өз әжелерінің жасайтын бұйымдары туралы да бөлісті. Мақсаты: Оқушыларға жіптен өрнекті бау тоқу технологиясын үйрету, жіптерді дұрыс орналастырып, өрнек құрастыру дағдысын қалыптастыру. Қолдың ұсақ моторикасын, шығармашылық ойлау қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық қолөнерге қызығушылығын арттыру.
Сынып жетекшісі : Нурымова Маржан Куанышбековна
#өнегелі15минут

KZ
