Skip to content

📚 Облыстық семинар жоғары деңгейде өтті 2026 жылдың 28–29 сәуір…

📚 Облыстық семинар жоғары деңгейде өтті

2026 жылдың 28–29 сәуір күндері Түпқараған ауданы, Шахта мектебінің базасында «Тіл үйретудегі жаңа көкжиек: Akelius платформасын оқу үдерісіне интеграциялаудың тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар сәтті өткізілді.

Семинардың мақсаты – Akelius цифрлық платформасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту және заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу болды.

Іс-шара барысында:
🔹 платформаның функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды;
🔹 интерактивті тапсырмалар арқылы тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту жолдары көрсетілді;
🔹 цифрлық ресурстарды сабақта тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісу жүзеге асты;
🔹 мұғалімдердің АКТ құзыреттілігін арттыруға бағытталған практикалық жұмыстар жүргізілді.

Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісіп, цифрлық білім беру бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Осындай мазмұнды семинардың өтуіне үлес қосқан барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдіреміз! 🤝