Мектебіміздің 3–4 сынып оқушылары мектеп музейіне саяхат жасап, тарихи жәдігерлермен танысты. Танымдық экскурсия барысында оқушылар музейдің бөлімдерімен танысып, көне бұйымдар мен құжаттар туралы қызықты мәліметтер алды.
Экскурсияны музей жетекшілері Жапарова Ү. және Башенова А. жүргізді. Олар әрбір жәдігердің тарихын түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Балалар ұлттық киімдер, тұрмыстық заттар және ескі фотосуреттерді қызығушылықпен тамашалады.
KZ

