Skip to content

Мектебіміздің 10-11 сынып аралығында «Атадан өсиет, анадан қасиет. Отбасы дәстүрлері…

Мектебіміздің 10-11 сынып аралығында «Атадан өсиет, анадан қасиет. Отбасы дәстүрлері мен құндылықтары» тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау жиналысы болып өтті. Жиналыста отбасы құндылықтарын қолданудың өзектілігі, отбасы құндылықтарының негізі ретінде қонақ жайлылық, осы құндылықтарды отбасында, балада қалай қалыптастырамыз немесе сақтаймыз? деген сұрақтар аясында жауаптар берілді, ата-аналар белсенді қатысты.