Мектебімізде «Қауіпсіз орта – бақытты бала» атты челлендж ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты – оқушыларға қауіпсіздіктің маңызын түсіндіру, достық қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара барысында оқушылар түрлі бейнероликтер түсіріп, қауіпсіздік ережелері туралы өз ойларымен бөлісті. Балалар белсенді қатысып, ұйымшылдық пен шығармашылықтарын көрсетті. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың қауіпсіз ортада білім алып, бақытты балалық шақ өткізуіне ықпал етеді.
Өткізген: дене шынықтыру нұсқаушысы Мырзағалиева.А.К

KZ
