Skip to content

Мектебімізде «Бәрінен биік – ана жүрегі» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.…

Мектебімізде «Бәрінен биік – ана жүрегі» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – аналарға деген құрметті арттыру, олардың мейірімі мен еңбегін дәріптеу болды.

Мерекелік кеш барысында оқушылар ұстаздар мен аналарға арнап әсем әндер айтып, жүрекжарды өлеңдерін оқып, түрлі би билеп, концерттік бағдарлама ұсынды. Оқушылардың өнері көрермендердің көңілінен шығып, ерекше әсер сыйлады.

Сонымен қатар, білім беру саласында нәтижелі еңбек етіп, аудандық және облыстық деңгейдегі жетістіктерімен ерекшеленіп жүрген бірқатар мұғалімдер Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар ұстаздардың еңбегіне деген құрмет пен ризашылықтың белгісі болды.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ұйымдастырушылар:
Қадырбаева Ә.
Төребай З.