Skip to content

Мектебімізде аудандық, облыстық зерделеу жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында келген мамандар…

Мектебімізде аудандық, облыстық зерделеу жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында келген мамандар мектептің оқу-тәрбие үдерісімен жан-жақты танысты. Атап айтқанда, үйірме жұмыстарының жүргізілу барысы, мектеп мұражайының қызметі және жылыжайдағы тәжірибелік жұмыстар көрсетілді.

Үйірме жетекшілерінің жұмыс жоспарларымен, оқушылардың жетістіктерімен және шығармашылық ізденістерімен танысты. Сонымен қатар, мектеп мұражайындағы жәдігерлер мен тарихи деректер туралы мәліметтер ұсынылды.