Мектебімізде ата-аналардың қатысуымен «Ата-аналардың қолөнері » атты танымдық кездесу өтті. Іс-шара барысында ата-аналар оқушыларды әртүрлі кәсіп түрлерімен таныстырып, өз мамандықтарының ерекшеліктері туралы мағлұмат берді.
Төлебай Гүлнұр оқушыларға химиялық тәжірибелер көрсетіп, химия ғылымының қызықты қырларын түсіндірді. Балалар тәжірибелерді қызығушылықпен тамашалап, сұрақтар қойды.
Ал Бәшенова еңбек пәні бойынша қолөнер бұйымдарын таныстырып, олардың жасалу жолдарын көрсетті. Оқушылар ұлттық және заманауи қолөнер түрлерімен танысып, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттырды.
Кездесу өте әсерлі әрі пайдалы өтті. Оқушылар мамандықтар туралы мол ақпарат алып, өздерінің болашақ мамандықтарына қызығушылық танытты.
Сынып жетекшілері: Жолымбекова Жұлдызай, Оразалиева Ақжарқын.

KZ
