Skip to content

Мектебімізде 23-25 ақпан аралығында 5–7-сынып оқушыларының өткен тоқсан бойынша білім…

Мектебімізде 23-25 ақпан аралығында 5–7-сынып оқушыларының өткен тоқсан бойынша білім сапасын анықтау және оқу жетістіктерін зерделеу мақсатында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен тест жұмыстары алынды.
Мақсаты:
• Оқушылардың білім деңгейін анықтау;
• Тоқсандық оқу мақсаттарының меңгерілу сапасын саралау;
• Білім сапасын арттыру бағытында нақты шаралар белгілеу.
Тест тапсырмалары оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылып, негізгі тақырыптар мен оқу мақсаттарын қамтыды. Тапсырмалар арқылы оқушылардың оқылым, жазылым, тілдік норма, грамматикалық білім және әдеби мәтінді түсіну дағдылары тексерілді.
Барлық 5–7-сынып оқушылары қамтылды. Тест жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес өткізіліп,нәтижелері талданып,қорытындыланды