Құрметті бастауыш сынып ұстаздары!
Сіздерге шын жүректен алғыс айтамыз! 🌷
Бала жүрегіне білімнің алғашқы дәнін сеуіп, әр әріпті үйретіп, әр жетістікке бірге қуанып жүрген еңбектеріңіз өлшеусіз. Сіздер шәкірттерге тек оқу мен жазуды ғана емес, адамгершілікті, мейірімділікті, достықты да үйретесіздер.
Әр баланың бойындағы қабілетті байқап, қанаттандырып, болашаққа сеніммен қадам басуына жол ашқандарыңыз үшін мың алғыс! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін. Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын! 💐
Даярлық сыныптарының бүлдіршіндерінен!!!
KZ

