«Көңілді 15 минут – Өнегелі 15 минут: Анамның шаш үлгісі – әдемілік үлгісі»
Мақсаты:
Қыз балаларға күтім жасау, ұқыптылық және әдемілік туралы түсінік беру. Ана мен қыз арасындағы байланысты нығайту.
5 в сыныбына өткізілген шарада оқушының анасы қыздарға күнделікті өмірде жасауға болатын қарапайым әрі әдемі шаш үлгілерін көрсетті. Шашты дұрыс тарау, жинау, өрім жасау жолдары түсіндірілді. Қыздар өздері де қатысып, шаш үлгілерін жасап көрді.
Шара барысында қыз балалар ұқыптылыққа, тазалыққа және өз-өзіне күтім жасауға үйренді. Сонымен қатар, ананың бала өміріндегі рөлі мен оның беретін тәрбиесі туралы айтылды.

KZ

