«Кітап – білім бұлағы»
Кітап әлемінің он күндігі аясында 6–7 сынып оқушылары арасында ерекше мазмұнды кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды.
6 «А» сыныбы оқушылары «Бір беттік кітап» жанрын таныстырып, оның парсы мәдениетіндегі өзіндік ерекшелігін атап өтті. Олар оқушыларды қысқа да нұсқа 100 әңгімені оқуға шақырып, кітапқа деген қызығушылықты арттырды.
7 «Ә» сыныбы оқушылары мектеп кітапханасына өздері таңдаған ең үздік кітаптарды сыйға тартып, игі іске үлес қосты.
Бұл шара оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, білімнің шексіз қазына екенін тағы бір дәлелдеді.
Кітап оқыған – озады!
KZ

