Skip to content

«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Кім болғым келеді?»…

«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында
«Кім болғым келеді?» тақырыбында 2-сынып оқушыларымен мамандыққа баулу іс-шарасы барысында оқушыларға әртүрлі мамандықтар, олардың атқаратын қызметтері туралы түсінік берілді. Мамандық атаулары бойынша әңгіме жүргізіліп, еңбектің маңызы мен қоғамдағы рөлі туралы түсіндірілді.
Оқушылар мамандықтар мен оған қатысты ақпараттарды ажыратып, сәйкестендіру тапсырмаларын орындады. Әр мамандықтың не істейтінін қысқаша атап, өз ойларымен бөлісіп, мамандық таңдауға қызығушылық танытты. Іс-шара оқушылардың мамандықтар туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырды.👩🏻‍⚕️🧑🏻‍🍳👨🏻‍⚕️👨🏻‍🏫👨🏻‍🎓👨🏻‍🏭👷🏻‍♂️👩🏻‍🔬👩🏻‍⚖️👨🏻‍✈️👩🏻‍🚀Кәсіптік бағдар беруші педагог Нұрғабылова М.