Мектебімізде «Бүгінгі мектеп түлегі – елдің ертеңгі тілегі» атты студенттер мен бітіруші түлектерге арналған кездесу кеші өтті.
Кездесудің мақсаты: студенттік өмірдің қызығы мен қиындығы, мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер, оқушыларға кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт көрсету, психологиялық ахуал орнату.
Кездесуді кәсіби бағдар беру педагогы мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы құнды ақпараттармен бөлісіп, студенттерге сұрақ -жауап әдісі арқылы сұхбат жүргізілді. Психолог тарапынан оқушыларға психологиялық қолдау көрсетіліп, өз қабілеттерін тануға бағытталған кеңестер ұсынылып, өмірге маңызды қадам басуда тәжірибелер көрсетілді.
Кеш барысында студенттерден түлектер өздерін толғандырған сұрақтарына нақты жауап алып, мотивациялық сөздерге толы қолдау алды. Болашаққа сеніммен қадам басуға үміт отын жаққан әсерлі кеш болды
Кездесуге қатысушылар: студенттер мен 9-11-сынып оқушылары.
Кездесуді ұйымдастырушылар: Нұрғабылова М, Отебаева А.
KZ
