Бүгін мектебімізде «Ардагер -елдің асыл қазынасы» атты тақырыпта даналық мектебі аясында тағылымды кездесу өтті.
Шараға арнайы қонақ болып Айтқұл Баймағанбетов, Бақтыбай Таңбаев, Мұханбедин Байсегізов аталарымыз келіп, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие, адамгершілік, өмірлік тәжірибе жайында мазмұнды әңгіме өрбітті. Кездесу барысында оқушылар сұрақтарын қойып, аталарымыздан өнегелі жауап алды. Шара барысында оқушыларымыз да, ұстаздарымыз да жүрекке жететіндей әсерлі, әдемі әндерін сыйлады.
Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер оқушылардың салт-дәстүрге деген құрметін арттырып, рухани бай болуына жол ашады.
#даналықмектебі #ата #әже #адалазамат #аудандықбілімбөлімі облыстықбілімбасқармасы

KZ


