Skip to content

Бүгін мектебімізде 8 ә сынып оқушыларының ұйымдастыруымен аға қамқорлығы жобасы…

Бүгін мектебімізде 8 ә сынып оқушыларының ұйымдастыруымен аға қамқорлығы жобасы аясында “Әкем және мен” атты эстафеталық сайыс өткізілді. Сайысқа 5 сыныптардан әке баласымен, аға інісі болып үш отбасы қатысты. Мақсаты бала тәрбиесіндегі отбасының соның ішіндегі әкенің ролін айшықты көрсете отырып, жас ұрпақтың өз елін сүюге, халқымыздың салт – дәстүрін үйренуге өз отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуге және рухани жан дүниесін байытуға деген қызығушылығын арттыру. Мектеп пен ата – ана арасындағы байланысты жүйелі жолға қою мақсатында, отбасындағы әкенің рөлі мен оның өнегесін шеберлігін, өнерін өскелең жас ұрпақтың бойына сіңірту болды. Сайысқа қатысқан отбасылар І,ІІ,ІІІ орынды дипломдармен марапатталды.
І орын Қибасовтар отбасы ІІ орын Шахтыбаевтар отбасы ІІІ орын Дербісовтер отбасы
#жббшахтамектебіағақамқорлығы #облыстықбілімбасқармасы #біртұтас_тәрбие #аудандықбілімбөлімі