Skip to content

“Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады” атты 9-сынып оқушыларына арналған…

“Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады” атты 9-сынып оқушыларына арналған ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға ананың қоғамдағы және отбасыдағы ерекше орнын түсіндіру, анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Іс-шара барысында оқушылар ана туралы өлеңдер оқып, жүрекжарды лебіздерін білдірді, сахналық көріністер қойып, анаға деген ризашылықтарын жеткізді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.

Шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың белсенділігі мен тәрбиелік мәні зор болды.