АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА
11.06.2026 жылы «ЖББ Шахта мектебі» КММ жанындағы «Балалар ЖИ әлемінде» жазғы лагерінде «ЖИ әлеміндегі ертегілер» атты шығармашылық байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ертегі әлеміне қызығушылығын арттыру болды. Әр топ өздері дайындаған ертегілерін сахналық қойылым түрінде ұсынып, кейіпкерлердің образдарын шебер сомдады. Қатысушылар ерекше костюмдер дайындап, көріністерді тартымды әрі мазмұнды етіп көрсетті.
Байқау барысында балалардың шығармашылық ізденісі, ұйымшылдығы және актерлік шеберлігі жоғары деңгейде байқалды. Қазылар алқасы әр топтың өнерін бағалап, белсенді қатысушылар марапатталды.
Іс-шара тәрбиелік және танымдық маңызға ие болып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
KZ

