📢 Akelius платформасымен таныстыру өтті
Бүгін мектеп жанындағы лагерьде 2-топ тәрбиеленушілеріне Akelius білім беру платформасы таныстырылды. Іс-шара барысында оқушылар платформаның мүмкіндіктерімен танысып, тапсырмаларды орындау жолдарын үйренді.
Балалар қызығушылық танытып, интерактивті жаттығаларды орындап, ағылшын тілін үйренуге арналған түрлі бөлімдермен жұмыс жасады. Таныстырылым барысында оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, платформаны тиімді пайдалану жолдарын меңгерді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдыларын дамыту және тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
2-топ
Жетекшісі: Нұрберген Елік
Күні: 04.06.2026 ж.

KZ
