Skip to content

Ақпарлама 10.06.2026 жылы «ЖББ Шахта мектебі» КММ жанындағы «Балалар ЖИ…

Ақпарлама

10.06.2026 жылы «ЖББ Шахта мектебі» КММ жанындағы «Балалар ЖИ әлемінде» жазғы лагерінде «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы» атты байқау өткізілді.

Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін, тапқырлықтарын және сахна мәдениетін көрсетті. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрып, балалар өздерін жан-жақты қырынан таныта білді. Қатысушылар көрермендер мен қазылар алқасының көңілінен шығып, ерекше белсенділік танытты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, түрлі номинациялармен және дипломдармен марапатталды. Іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық пен ұйымшылдықты нығайтуға ықпал етті.