Ақпарлама
09.06.2026 жылы «ЖББ Шахта мектебі» КММ жанындағы «Балалар ЖИ әлемінде» атты жазғы лагерінде «ІТ-Зерек» жас цифрлық технологиялар білгірлерінің зияткерлік сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың ақпараттық технологиялар саласындағы білімдерін жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және цифрлық сауаттылықтарын арттыру. Байқау барысында қатысушылар түрлі танымдық сұрақтарға жауап беріп, компьютерлік технологиялар, жасанды интеллект және заманауи цифрлық құралдар бойынша өз білімдерін сынады.
Оқушылар белсенділік танытып, тапқырлықтары мен білімдерін көрсетті. Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды. Іс-шара балалардың ІТ саласына деген қызығушылығын арттырып, жаңа білім алуға ынталандырды.
KZ

