Бүгін мектеп жанындағы лагерьде Akelius платформасы бойынша екі топ арасында танымдық жарыс өткізілді. Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, ағылшын тілінен алған білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Жарыс барысында қатысушылар жылдамдық, сауаттылық және белсенділік танытып, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасады. Екі топ та жоғары нәтиже көрсетіп, тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, Akelius платформасын тиімді пайдалану және білімдерін жетілдіру.
Жетекші: Нұрберген Елік
KZ

