4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні! 🇰🇿
Бұл – елдігіміз бен егемендігімізді айшықтайтын, ұлттық мақтанышымызды еселейтін ерекше күн. Көк туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз – өткен тарихымыздың, бүгінгі бірлігіміздің және жарқын болашағымыздың символы.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тұтастығын паш ететін, әрбір азаматтың жүрегінде отансүйгіштік сезімін ұялататын қасиетті құндылықтар.
Көк байрағымыз әрқашан биікте желбіреп, Әнұранымыз әлемдік ареналарда жиі шырқала берсін! Мемлекетіміздің іргесі берік, болашағы жарқын болғай!
Мереке құтты болсын, Қазақстан!💙💛
KZ

