03.06.2026ж
«Балалар ЖИ әлемінде» жазғы лагерінде оқушылар арасында «Жеңіске бірге жетеміз» атты эстафеталық спорттық сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты – балалардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық бірлікті нығайту.
Эстафета барысында қатысушылар әртүрлі қызықты әрі жылдамдықты қажет ететін тапсырмаларды орындап, өздерінің ептілігі мен төзімділігін көрсетті. Балалар белсенді қатысып, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін танытты.
KZ

