Skip to content

01.06.2026 жыл «ЖББ Шахта мектебі» КММ жанынан ашылған «Балалар ЖИ…

01.06.2026 жыл
«ЖББ Шахта мектебі» КММ жанынан ашылған «Балалар ЖИ әлемінде» атты жазғы лагерь өз жұмысын бастады.

Лагерьге 2–5 сыныптардан 100 оқушы қамтылып, 4 топқа бөлінді. Ашылу салтанатында демеуші кәсіпкердің қолдауымен балаларға балмұздақ таратылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Лагерь барысында танымдық, спорттық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу көзделуде. 🌞🏕️🤖🍦