Skip to content

Аудан прокуратурасымен «Заңды құрметтейтін ұрпақ» жобасы аясында білім беру ұйымдарында…

Аудан прокуратурасымен «Заңды құрметтейтін ұрпақ» жобасы аясында білім беру ұйымдарында оқушылар мен студенттердің қатысуымен профилактикалық бағытта кездесу өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Кездесу барысында оқушылар мен студенттерге кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері жайлы нақты мысалдар келтіріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар мен студенттер өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Бұл өз кезегінде олардың құқықтық мәдениетін арттыруға және заңды құрметтеудің маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.

Аталған жоба алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңірдегі білім беру ұйымдарында жүйелі түрде өткізілетін болады.