2026 жылғы 6 мамыр күні мектебімізде «Ерлік елге – мұра, ұрпаққа – ұран» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ұжымның ер азаматтары Отан қорғаушылар күнімен құттықталып, оларға ізгі тілектер айтылды. Сонымен қатар арнайы құттықтау сөз беріліп, ел тыныштығы мен ұрпақ тәрбиесіндегі азаматтардың еңбегі ерекше аталып өтті.
Концерттік бағдарламада оқушылар патриоттық әндер орындалды.Мектеп жанынан құрылған “Самғау”, “Жас әуен” кварттерінің әсем әні көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Батырлар ерлігі дәріптеліп, жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру мақсатында тағылымды ойлар айтылды.
Іс-шара әсерлі өтіп, көрермендер тарапынан жоғары бағасын алды.
KZ

