«Балалар кітапханасы» жобасы аясында 6 «А» сынып оқушылары 15 минуттық үзілісті тиімді әрі мазмұнды өткізді.
Оқушылар «Бір беттік кітап» әңгімелер желісін қызыға оқып, әрқайсысы өзіне әсер еткен туындылардың мазмұнын айтып берді. Сонымен қатар, оқыған әңгімелерінен түйген ойлары мен өмірлік құндылықтары туралы пікірлерімен бөлісті.
Кітапқа деген қызығушылықты арттырып, ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған бұл шара оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
Өткізген: Сатыбалдыева Гүлдана
KZ

