Skip to content

7 «Ә» және 6 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Кітапханаға кітап…

7 «Ә» және 6 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы өткізілді. Шараның мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, кітапхана қорын толықтыру және білімге деген қызығушылықты арттыру.

Көңілді қоңырау барысында оқушылар өздері әкелген түрлі қызықты кітаптарын мектеп кітапханасына тарту етті. Сонымен қатар, кітаптың пайдасы туралы пікірлерімен бөлісіп, бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлады.

Бұл акция оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани байлықтың маңызын түсінуге үлкен үлес қосты.
Сынып жетекшілері: Сатыбалдиева Г.
Ығылымова Г.