ЖББ Шахта мектебі, 7 «Б» сыныбы
«Өнегелі 15 минут»
Шаш өрудің қарапайым және күрделі түрлерін көрсетті.Шаш өру – қазақ халқының ертеден келе жатқан әдемі дәстүрлерінің бірі. «Шаш – қыздың көркі» деп бекер айтылмаған. Ұзын, әдемі өрілген шаш қыз баланың ұқыптылығын, нәзіктігін, тәрбиесін көрсетеді.
Қазақ қыздары шашты күтіп, түрлі әдіспен өріп, сәндеген. Қарапайым үш өрімнен бастап, бестал, жетітал, айшықты күрделі өрімдерге дейін түрлері көп. Қазіргі таңда да шаш өру өнері өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Шаш өру тек сән үшін ғана емес, ол – ұқыптылыққа, тазалыққа, эстетикалық талғамға тәрбиелейді. Сонымен қатар, қол икемділігін дамытып, шыдамдылыққа баулиды.
Қорытындылай келе, шаш өру – тек әсемдік емес, ол – ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі. Осы өнерді үйреніп, дамыта білейік! <Сообщение изменено>

KZ
