«Жалпы білім беретін Шахта мектебі»КММ «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күніне орай 7 «ә» сыныбы оқушылары арасында «Біз тағдаған кітаптар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараның мақсаты : Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Әдеби шығармаларды талдай білуге үйрету. Оқушылар өздері оқыған кітаптары туралы мазмұнын айтып, алған әсерлерімен бөлісті. «Кітаптың атауын табу» бұл ойында кітаптың атауы және авторы көрсетілмейді тек мұқабасына қарап қай шығарма екенін табу керек. Осы ойын арқылы қаншалықты кітап оқып, көркем әдебиетпен таныс екенін білу. « Шығарма сөйлейді» оқыған шығармаларынан үзінді сұрақ берілді.
«Жалпы білім беретін Шахта мектебі»КММ «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 2…

KZ
