Жалпы білім беретін Шахта мектебінде Амал мерекесіне орай 5 сыныптар арасында тәрбиелік шара өткізілді. Бұл күні оқушылар бір-бірімен көрісіп, үлкендерге сәлем беріп, ұлттық дәстүрдің мәнін түсінді. Шара барысында оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мәлімет айтып, көрісу рәсімін көрсетті.
Мерекелік іс-шарада ұлттық ойындар ойнатылып, оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – халқымыздың басты тәрбиесі екені айтылды.
KZ

