11.03.2026 күні «Жалпы білім беретін Шахта мектебінде» 9 сынып оқушылары үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеу мақсатында «Атаның сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында ардагерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге С. Мұханов, Ш. Қибасов , Р.Қуандықов аталарымыз келді. Кездесу барысында ардагерлер оқушыларға өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, елге, жерге деген сүйіспеншілік, адал еңбек, үлкенді құрметтеу және адамгершілік қасиеттер туралы тағылымды әңгімелер айтты. Оқушылар өз тараптарынан сұрақтар қойып, үлкендердің ақыл-кеңестерін тыңдап, рухани тәрбие алды. Кездесу өте әсерлі өтіп, оқушылардың бойында үлкендерге деген құрмет пен ізеттілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтың рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына өз үлесін қосады. #жббшахтамектебі#біртұтас_тәрбие #аудандықбілімбөлімі #облыстықбілімбасқармасы
11.03.2026 күні «Жалпы білім беретін Шахта мектебінде» 9 сынып оқушылары…

KZ


