Бүгін мектебімізде директор жанындағы кеңес отырысы өткізілді. Кеңес барысында білім беру үдерісінің өзекті мәселелері қарастырылып, оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, оқушылардың білім сапасын көтеру, тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру, мұғалімдердің құжат жүргізу тәртібі және алдағы жоспарлар бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Кеңес қорытындысында жауапты мамандарға тиісті міндеттер жүктеліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалды.
KZ

