Skip to content

Білім – еліміздің адами капиталын қалыптастырудың және бәсекеге қабілеттілікті арттырудың…

Білім – еліміздің адами капиталын қалыптастырудың және бәсекеге қабілеттілікті арттырудың басты құралы. Оқу- ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан іргелі реформалар мен білім саласындағы кешенді көрсеткіштер сараланды. Қоғамдағы құндылықтарды нығайту мен сапалы білім беру ісі -мемлекеттік саясаттың негізгі өзегі.
Жиынның маңызды жаңалығы Президент тапсырмасымен әзірленген «Қазақстан балалары» 2026-2030 жылдарға арналған бірыңғай тұжырымдамасының білім саласындағы маңызы болды. Бұл құжат балалардың құқықтарын қорғау саласындағы барлық шаралар мен бағдарламаларды алғаш рет бірыңғай стратегиялық негізге біріктірді. Қазақстан балалар қауіпсіздігіне арналған мұндай мақсатты ұлттық стратегиясы бар санаулы мемлекеттердің біріне айналды.