8 «Ә» сыныбы «Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық челленджін ұйымдастырды. Челлендждің басты мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау.
Осы игі іс аясында біз ауылымыздағы Оля есімді азаматшаға бардық. Сынып оқушылары қолдан келген көмектерін көрсетіп, азық-түлік пен қажетті заттарды табыстады. Сонымен қатар, жылы сөздер айтып, көтеріңкі көңіл күй сыйлауға тырысты.
Бұл шара оқушыларды қайырымды болуға, үлкендерді құрметтеуге және бір-біріне қол ұшын созуға тәрбиелейді. «Мейірімді жүрек» челленджі – жүректен шыққан шынайы қамқорлықтың жарқын үлгісі болды.

KZ
