“Жалпы білім беретін Шахта мектебі” КММ-де 8-сынып қыздары арасында «Менің болашақ кәсібім» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Шара барысында оқушылар өз армандарын бейнелейтін арнайы армандар картасын жасап, болашаққа қойған мақсаттары мен жоспарларымен бөлісті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кәсіби бағдарын анықтау, өз болашағына сеніммен қарауға және армандарын нақты мақсатқа айналдыруға бағыт беру. Қыздар белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізе білді.
Шара қызықты әрі мазмұнды өтті.
Іс-шараны ұйымдастырған: көркем еңбек пәні мұғалімдері.
KZ

