Бүгін мектебімізде 8 «б» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен аға қамқорлығы жобасы аясында “Ұлттық ойын-қазақ көркі” тақырыбында ұлттық ойындардан сайыс өткізілді. Сайысқа 7 сыныптардың әкелер мен ұлдарының қатысуымен үш отбасы сайысты. Мақсаты әке мен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, екеуінің бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Сайысқа қатысқан отбасылар І,ІІ,ІІІ орынды дипломдармен марапатталды.
І орын Жұмабековтер отбасы , ІІ орын Бейнеубаевтар отбасы, ІІІ орын Темірхановтар отбасылары иеленді.
#жббшахтамектебіағақамқорлығы #облыстықбілімбасқармасы #біртұтас_тәрбие #аудандықбілімбөлімі

KZ



