7 сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Үсенбаева «Қауіпсіз интернет ережелері» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану мәдениетін , жеке мәліметтерді қорғау, киберқауіптерден сақтану жолдары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, түрлі жағдаяттық сұрақтар талқыланып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Мақсаты жасөспірімдердің интернет кеңістігін қауіпсіз әрі жауапкершілікпен қолдану дағдыларын қалыптастыру. #жббшахтамектебі #облыстықбілімбасқармасы #біртұтас_тәрбие #аудандықбілімбөлімі

KZ




