15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай. Аудандық “Ауған ардагерлеріне құрмет” әскери-патриоттық сайыс ұйымдастырылды. Тағылымы мол шараның басты мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін қорғаған ардагерлердің ерлігін дәріптеу және әскери қызметке деген қызығушылықты арттыру.
Сайысқа аудан мектептерінің оқушылары өздерінің әскери дайындықтарын, ептілігі мен білімдерін сынға салды.
Іс-шара барысында Ауған соғысының ардагерлері Мәтжан Рамазанұлы, Роман Ізбасарұлы жастарға өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, Отан алдындағы борыштың маңыздылығын атап өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталып, жастарға патриоттық рух пен жігер сыйлаған мазмұнды шара жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушы: Табылғанұлы Дәулетбек
KZ

