12.02.2026 ж. мектебімізде «Өмірге “Иә” деп айт!» онкүндігі аясында 5–11 сынып оқушыларына «Өзіңді сүй, өзгені құрметте!» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру, өз қадір-қасиетін түсіне білуге үйрету, айналасындағы адамдарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, жағымды қарым-қатынас орнатуға бағыт беру.
Тренинг барысында түрлі психологиялық жаттығулар, пікір алмасу, ой қозғау тапсырмалары ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті, жағымды эмоция білдірді. Жаттығулар арқылы өздерінің жақсы қасиеттерін анықтап, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренді.
Тренинг өз мақсатына жетті. Оқушылар арасында ашықтық, сенім және өзара сыйластық атмосферасы қалыптасты.
Өткізген: дефектолог, логопед
KZ




